Астана заманауи, жайлы әрі шынайы өмірге толы қалаға айналуда

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Жаңа жыл – өткенді қорытындылап, игі үміттерге жол ашатын, жаңа бастамаларға серпін беретін ерекше кезең. Өтіп бара жатқан жыл маңызды оқиғаларға, бірлескен еңбекке және айтулы жетістіктерге толы болды. Мұның барлығы елорда тұрғындарының еңбегі, белсенділігі мен жанашырлығының арқасында жүзеге асты. Әрқайсыңыз Астананың дамуына өз үлесіңізді қосып, оны заманауи, жайлы әрі шынайы өмірге толы қалаға айналдыруға атсалысып келесіздер.
Алдағы жыл әр шаңыраққа бейбітшілік пен береке, татулық пен тұрақтылық әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасы жылуын, еңбек пен оқуда табыс, алға қойған мақсаттардың жүзеге асуын және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Әрдайым жанымызда туған-туыстарымыз бен жақындарымыз болып, жүректерімізде сенім, үміт пен оптимизм орнықсын! Астана алдағы уақытта да дамуын жалғастырып, мүмкіндіктерге толы, жасампаз идеялар тоғысқан, серпінді әрі қонақжай елорда ретіндегі мәртебесін нығайта берсін.
Жаңа жыл құтты болсын! Келер жыл игі өзгерістерге, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктерге толы болғай!
Құрметпен,
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Табиғат ЗЕЙНҰЛҚАБДЕН



