Ел тынысы

Ардагерлер алғыс айтады

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс жүректен шыққан сөз» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік кеш концерт форматында ұйымдастырылып, Орталық зейнеткерлері көктем мерекесі қарсаңында өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алғыс айту күніне арналған концерттің басты мақсаты – Қазақстанды ортақ үйіміз ретінде құрметтеуге шақыру, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығын, өзара сыйластығы мен бірлігін нығайту болатын.

— Алғыс айту күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырып отырмыз. Орталыққа жиі келетін ардагерлер өнер көрсетеді. Басқа этнос өкілдері қазақ халқына алғыстарын айтады. Орталыққа келушілер саны төрт мыңнан асады. Барлығы бір-бірлерімен тату-тәтті араласып тұрады. Ардагерлердің мереке қарсаңындағы көңіл күйлері тамаша, біз де соған қуанып тұрмыз, -дейді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Роза Байсалбаева.

— Кәріс ұлтының атынан барлық қазақстандықтарға алғысым шексіз. Қазақстанда өмір сүріп, бақытты ғұмыр кешудеміз. Ұрпағымызда осы елде өсіп келеді. Қазақ халқының қонақжайлығы, бауырмашылдығы өте қатты ұнайды. Салт-дәстүрін, әдеті мен ғұрпын сақтаған елдің болашағы да зор болады деп есептеймін. Қазақ жұрты ғасырлар бойы өзгелерге үлгі болады деп сенім артамын. Алғысым шексіз, -деп ағынан жарылды Райса Николаевна.

Концерттік бағдарламада «Жасар» дефиле клубының көрсетілімі, «Ата толғауы» домбырашылар ансамблінің музыкалық нөмірі, халық билері және өзге де шығармашылық қойылымдар ұсынылды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы өзге этнос өкілдері де жүрекжарды алғыстарын білдіріп, мерекелік кештің сәнін келтірді.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button