Қоғам

Алты қыздың әкесі – ел қорғаны

Әке – отбасының тірегі, баланың ең алғашқы қорғаны. Ал еліне қызмет етіп, үйінде алты бірдей қыздың әкесі болып отырған азамат ерекше құрметке лайық. Осындай жанның бірі – Астана қаласы Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторының кезекші инспекторы Нұртай Садықов.

Нұртай 1990 жылы Сыр өңірінде дүниеге келген. Алдымен колледжде, кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жоғары білім алған. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, ішкі істер органдарындағы қызметін тылмен жабдықтау басқармасынан бастайды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында кезекші инспектор ретінде қызмет атқарып келеді. Бұл сала шыдамдылықты, тәртіпті және үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Полиция аға лейтенанты ішкі істер органдарында 2010 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 15 жылға жуық уақыт ішінде талай сынақтан сүрінбей өтіп, әріптестері арасында сыйлы, басшылық тарапынан сенімді қызметкер ретінде танылған. Алайда Нұртайдың бас­ты жетістігі – шен мен атақтан да биік бір мәртебе. Ол – алты қыздың әкесі. Үлкені небәрі 10 жаста болса, кенжесі – 1 жаста. Бұл – бір жағынан бақыт, бір жағынан үлкен жауапкершілік. Қыз тәрбиелеу – жүректен шыққан мейірім мен даналықты талап ететін ерекше міндет.

Қыздарының тәрбиесіне ерекше мән беретін Нұртай оларға адалдық пен қарапа­йымдылықты, еңбекқорлық пен мейірімділікті үйретіп келеді. Олардың әр қадамын бақылап, болашағына бағыт-бағдар беріп отырады. Ол – тек әке ғана емес, қамқоршы, ұстаз, жанашыр тұлға. Әкенің сөзі – тәрбие, ісі – үлгі. Нұртай отбасында мейірімді, сабырлы әке болса, қызметінде қатал тәртіпті ұстанатын офицер. Мұндай азаматтар – елдің тыныштығы мен ұрпақтың тәрбиесін қатар алып жүрген шын мәніндегі ­батырлар.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button