Қоғам

Альпинистік құралдардың көмегімен балаларды құтқарды

ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді. Оқиға елорданың Сарыарқа ауданындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Анасы дәлізге шығып кеткен сәтте кішкентай балалар сыртқы есікті іштен қатты жауып, оны қайта аша алмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен 11-қабаттың терезесінен 9-қабатқа төмен түсіп, 2021 және 2025 жылы туған балаларды аман-есен анасына тапсырды.

ТЖМ ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button