Ел тынысы

Әзірге 23 жолдама

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 23 Олимпиада жолдамасы бар.

Алғашқы лицензиялар мәнерлеп сырғанаудан алынды. Бостонда өткен әлем чемпионатында Михаил Шайдоров күміс жүлде иеленіп, ел қоржынына алғашқы жолдаманы салды. Ал София Самоделкина 14-орынмен Олимпиада лицензиясын қамтамасыз етті. Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңдеріндегі нәтижелер арқылы 4 спортшыға 9 бағдарламада қатысу мүмкіндігін алды. Атап айтқанда, Денис Никиша – 500, 1000 м, аралас эстафета – Ольга Тихонова – 500, 1000, 1500 м, аралас эстафета – Яна Хан – 500, 1500 м, аралас эстафета.

Осы лицензия иегерлерінің ішінде елордалық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев те бар. Ол – Милан-Кортина Олимпиадасында 500 метр қашықтықта және аралас эстафетада бақ сынап, Қазақстан құрамасынан жүлде күтілетін негізгі спортшылардың бірі. Бұған дейін ол 2025 жылы Азия ойындарында 5000 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасымен бірге тарихи алтын медаль жеңіп алған еді. Сонымен қатар әлем кубогының кезеңдерінде тұрақты өнер көрсетіп келеді. Ал Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасы оның карьерасындағы төртінші Олимпиада ойындары болмақ. Конькимен жүгіруден ұлттық құраманың еншісінде 11 жолдама бар. Лицензиялар ерлер арасында 500 метрге, ал әйелдер арасында бірнеше қашықтық пен командалық жарыстарға тиесілі. Бұдан бөлек, Олимпиадаға қатысу құқығына ие болғандар қатарында Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова және Марина Ильященко бар. Алда әлі іріктеу жарыстары өтеді. Іріктеу барысында Туризм және спорт министрлігінің жоспары – 35 жолдамаға қол жеткізу.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button