Шаһар шежіресі

Әжем мен атам туралы

Шәйізза Ахметқызы (1893-1969 ж.ж.) әжем ұзын бойлы, аққұба, ақкөңіл, аңқау, ағайынның бірін-біріне атыстырып-шабыстыру дегенді білмейтін, қолы ашық, бауырмал, қамқор, еңбекқор, қайратты кісі болды. Мен «болыстың қызымын» деп айтқанын ешқашан естіген емеспін.

Өзіміздің жанұяда алты бала болдық. Неге екені маған беймәлім, әжем Шәйізза сырларын жерошақ басында тек маған айтып, ескертетін: ешкімге айтушы болма! – деп.

Әжем: «Атаңның төрт інісі болған – Есмағанбет, Нұмағанбет, Жүкен, Кәлкен. Бізде мал ортақ болды. Шаруашылықты сол төртеуі ұстады. Бір қораның астында 5 келін тату-тәтті ғұмыр кештік. Атаңды қыста боран мен аязда, жазда нөсер мен аптапта Атбасар мен Көкшетау жақтан ірі «жер мен жесір дауына» өздері келіп алып кететін, өйткені ұсақ дауды ауыл ақсақалдары өздері шешетін».

Бекмағанбетов Шамшолла (1923-1950 ж.ж.) – әкемнің жалғыз туған інісі. Ол 1940 жылы Зерендіде 7-жылдық орыс мектебін бітіргесін Көкшетауда пед­училищеге түскен. Шамшолла 1941 жылдың маусым айында Қызыл әскер қатарына шақырылып, сосын соғысқа кеткен. Орыс, неміс тілдерін білгендіктен, оны барлаушылар ротасына алған. Соғысты Белоруссиядан бастап, 1945 Жапонияда аяқтаған. Соғыстан қол-аяғы сау, екі орден мен алты медаль алып, старшина шенінде оралған.

Шамшолланы 1946 жылы жеңгетайлар ауылда үйлендірген. Әжем айтатын: Шамшолла – кішіпейіл, жібек мінезді, ұзын бойлы, аққұба жігіт болған деп. Оны 1946 жылы Көкшетау Облвоенкоматы Алматыға НКВД-ның 4 жылдық Әскери училищесіне оқуға жіберген. Училищеде курсанттар казармада тұрған, сондықтан оның әйелі ауылда қалған.

1941-1945 жылдары ҰОС-да 8 орден-медаль алған барлаушы, Кёнигсберг штурмының ардагері, Әскери училищенің беделді курсанты Шамшолла Бекмағанбет (Беген) би ұлы (1923-1950 ж.ж.) қайтқанда да, одан кейін де бірде-бір жақын туысы (әкесі, шешесі, ағасы, апасы, туыстары) оның зиратының басына бара алмаған.

Ахмет ДҮЙСЕНБАЕВ,

зейнеткер

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button