Әсерлі қойылым

Өнердің қай саласы болса да жүректен шыққан, сол саланың нағыз мамандарының туындысы халықтың ықыласына бөленіп жатады. Міне сондай кеш 18 -қарашада М., Горкий атындағы драмтреатрнда Жүзбай Серіктің «Өмір ғайып» романының желісі бойынша жазылған «Жоламан» атты музыкалық драмасы ,автордың басшылығымен ұйымдастырған « Qazaq Inclusive Theatre» ЖШС театр үжымымен қойылды.
Халық көп жиналып бос орын болған жоқ, тіпті қойылымның маңыздылығы соншалықты басқа ұлт өкілдері аз болған жоқ. Пьеса Жоламан атты тастанды баланың өмірге келіп, тағдыр тауқыметіне жолығумен байланысты. Жасыратыны жоқ елімізде кешегі ашаршылық, зұлмат жылдарында , Ұлы отан соғыс жылдарында болмаған қатыгездік қазіргі жастарымызда туған баласын далаға, қоқысқа тастап кету деген қоғамда жиілеп кетті. Автордың негізгі мақсаты жастарды осындай ұлтымызға жат қылықтан сақтандыру, алдын алу.

Музыкалық драма кейіпкерлерінің трагедиялары өте әсерлі, театрда үнсіз толғанбаған көрермен болмады, әсересе рольдерді өте нақышына келтіріп ойнаған барлық артистерді, әсіресе бас кейіпкер Жоламанның анасы Аяланың ролінде ойнаған Мөлдір Ануаш, Жоламанның роліне ойнаған Айбек Тыныштықбаевқа көрермен қайта — қайта қол шапалақтап ыстық қошеметтерін білдірді. Қойылым от басы құрудағы құндылықтарды, сақтай отырып, бала тәрбиесі мен ата дәстүр бағытында Ата Аналарға, ұл- қыздарға ой салады. Айтарым осындай қоғамда жастар тәрбиесіне құнды осындай қойылым, «Инклузивті Қазақ Театры» ЖШС театры 2025 жылдың қыркүйектен бастап ашылса да, көрермендер ықыласына бөленіп отырғанын ескере отырып, осыны мәдениет, ақпарат, білім министрліктер қолдап, еліміздің сахналарында кеңінен қойылса, студенттерді осындай қойылымға шақырамын.
Серік Қолданұлы, Денсаулық сақтау ардагері, зейнеткер



