Қоғам

АЭС инновация мен ғылымды дамытуға тың серпін береді

 ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Владимир Витюктың айтуынша, АЭС – сыртқы факторларға тәуелсіз тұрақты энергия көзі және ол инновация мен ғылымды дамытуға септік ететін сала. Бұл өз кезегінде экономикадағы аралас салаларды дамытудың драйверіне айналады. Қазақстандық мамандардың біліктілік деңгейінің де көтерілуіне ықпал етеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

-Қазақстанға АЭС қажеттілігі сөзсіз. Біріншіден, елімізде электр энергиясының қазіргі және алдағы болжанып отырған тапшылығы бар. Кез келген мемлекеттің экономикалық өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету энергия көлемімен байланысты болады. Сондықтан энергияның жаңа көздері қажет. Бүгінде еліміз жетпейтін электр энергиясын көрші елдерден алуға мәжбүр. Осы жерден бастап энергетикалық қауіпсіздік және өзін өзі қамтамасыз ету мәселесі туындайды.

Бұл мәселеге кешенді түрде келу керек. Қолданыстағы электр стансаларын жаңғыртып, энергия үнемдеу бойынша шаралар қабылдау, барлық салада энергияны тиімсіз пайдалануды азайту қажет. Алайда мұның өзі бізге аздық етеді. Осы тұрғыда АЭС салу қажеттілігі туындап отыр. Себебі, атом электр стансасы — әлемде мойындалған энергия көзі. Ол қауіпсіздігімен, экологиялық таза болуымен танылған. Оның үстіне Қазақстан парниктік газ шығарындыларын төмендету шеңберінде міндеттемелер алды. Дәл сол себепті біз энергетика саласының 70 пайызын көмір стансалары өндіріп отырғанына қарамастан оны одан әрі дамыту жағын қарастыра алмаймыз, себебі АЭС төмен көмірсутекті технологияға жатады және көмірсу диоксидін мүлдем бөлмейді, жер бетінің ауа райына тері әсері жоқ.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button