Ән мен би үйлесімі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Grand fest» музыкалық фестивалі аясында «Saz & soul» тобы мен аңызға айналған «Гүлдер» ансамблінің бірлескен концертін ұсынды.
Көрермендер ұлттық және заманауи музыканың үйлесімін тамашалап, сүйікті әндерді бірге айтып, ерекше көңіл күйге бөленді. Концерт бағдарламасында әлемдік танымал хиттер мен қазақстандық композиторлардың туындылары шырқалды. Сонымен қатар ұлттық нақыш пен заманауи әуенге толы авторлық вокалдық, аспаптық және хореографиялық қойылымдар көрсетілді. Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсім Мырзабекова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әлібек Әлмәдиев, Әділхан Макин, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Анна Уварова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Дидар Әбдіхалық, Қуандық Шалқарұлы, Ақбөпе Әлібекова, Меруерт Бақыт, Нұрмұхамбет Сәтен қатысты.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ