Прокуратура балалардың терезеден құлауының алдын алатын профилактикалық іс-шаралар жүргізуде

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Алматы ауданында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Прокуратура, төтенше жағдайлар органдары және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жас балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды аралап, тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты.
Сонымен қатар, бірқатар көпбалалы отбасылардың үйлеріне терезелердің ашылуын шектейтін арнайы құрылғылар орнатылды. Ата-аналарға москиттік торлардың қорғаныс құралы болып табылмайтыны және баланың құлауын болдырмай алмайтыны жөнінде ерекше түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Астана қаласының прокуратурасы балалар жарақатының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырады.
#заңментәртіп #законипорядок



