Құқық

Астанада ойын клубы әкімшісі ұсталды

Астана қаласының полиция қызметкерлері ойын клубынан ірі көлемде мүлік ұрлаған күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті аталған ойын клубында 2 жыл бойы әкімші болып жұмыс істеген. Сенімге кірген ол клубтан 8 дана PlayStation ойын құрылғысы мен 1 теледидарды жасырын түрде ұрлап, кейін оларды қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.
Аталған факті бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 720 мың теңгені құрады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарға жұмыс орындарында мүліктің сақталуына ерекше назар аударуды, бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді және қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қауіпсіздік талаптарын күшейтуді ескертеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button