Әлеумет

«Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет» зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті

Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күніне орай «Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет» атты экологиялық зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара жазғы профильді лагерь оқушылары мен жас экологтардың басын қосып, олардың экологиялық мәдениетін арттыруды, табиғатты аялау мен эколог мамандығын құрметтеуді мақсат етті. Бағдарлама аясында табиғатты қорғау туралы бейнероликтер мен көрме көрсетіліп, танымдық викториналар мен пікірталастар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, балалар «Бір гүл ек – табиғатқа із қалдыр!» эстафетасы шеңберінде гүлдер отырғызып, қалдық заттарды кәдеге жарату жолдарын меңгерді және «Табиғаттың көркем әлемі» атты сурет байқауына қатысты.

«Табиғат – адамзаттың алтын бесігі, оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы» деген ұранмен өткен бұл шара оқушыларды қоршаған орта тазалығын сақтауға жұмылдырды.

@oqu_agartu_ministrligi

@astana_akimdigi_akimat_astana

@bilimastana

@qosymsha_ast

#Адал_азамат_Астана2026

#Жасампаздық_пен_жаңашылдық_Астана2026

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button