Құқық

Прокурорлар оқушылармен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы №97 мектеп-гимназиясының оқушыларымен интернет-алаяқтыққа және дропперлікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында оқушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, әлеуметтік желілер мен банк сервистерін пайдалану кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ дропперлік схемаларға қатысқаны және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Жастар арасындағы киберқылмыстың алдын алу және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Астана қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button