Ел тынысы

Қазақстанда алғаш рет Алтын ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясында көрме ұйымдастырылды. Көрме XIII-XV ғасырларда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан Алтын Орда мемлекетінің тарихи-мәдени болмысын Қазақстан аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер, қолжазба кітаптар және архив материалдары негізінде таныстыруға арналған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Көрменің негізгі идеясы – көшпелі өмір салтына негізделген, бірақ жоғары деңгейдегі мемлекеттік, экономикалық және қалалық мәдениетке ие өркениетті археологиялық, қолжазбалық және архивтік деректер арқылы көрсету.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрліктер мен шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жетекші ғалым-археологтар, тарихшылар мен шығыстанушылар, сондай-ақ музейлер, музей-қорықтар және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысты.

Бірегей экспонаттар мен ғылыми жаңалықтар: Мемлекет және билік. Тұңғыш рет халықаралық архивтерден алынған дипломатиялық құжаттар ұсынылды.

«Хандар шежіресі» қолжазба шиыршығы (XVIII ғ., «Ғылым ордасы» ОҒК) – ұзындығы 267 см болатын каллиграфиялық ескерткіш, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне енгізілген, онда Жошы әулетінен шыққан 104 ханның генеалогиясы бейнеленген. Гүйік ханның Папа IV Иннокентийге жолдаған хаты (1246 ж., Ватикан апостолдық архиві) – қыпшақ және парсы тілдерінде жазылған Алтын Орданың ең көне дипломатиялық құжаты. Тоқтамыс ханның (1381 ж., РҒА Шығыс қолжазбалары институты, Санкт-Петербург) және Темір-Құтлықтың (1398 ж., Король сарайы кітапханасы, Вена) тархандық жарлықтары ордалық іс жүргізудің құқықтық әрі каллиграфиялық мәдениетін көрсетеді.

Экспозицияны Ұлық Мұхаммед пен Ахмед хандардың Осман империясы сұлтандарына жолдаған дипломатиялық хаттары (Топқапы музейі архиві, Стамбұл) толықтырды.

Дала сәні мен киім үлгілері. Бұл бөлім Алтын Орда ақсүйектерінің заттық әлемін таныстырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button