Сенат депутаттары Астана қаласының жинақтау пунктінің жұмысымен танысты
Астана қаласының жиын пунктінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукин төрағалығымен әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мәселелеріне арналған Сенат депутаттарының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Отырыс барысында шақыру инфрақұрылымының жай-күйі, шақыру комиссияларының қызметі, сондай-ақ өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Руслан Бешеев баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдері де көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы жөнінде баяндады. Талқылау барысында шақыру пункттерінің жағдайы, жыл сайын әскерге шақырылатын азаматтардың саны, сондай-ақ шақырылушылардың медициналық және психологиялық жай-күйі мәселелері қозғалды. Депутаттар өз сұрақтарын қойып, Астана қаласының жиын пунктінің жұмысымен танысты.



