Қала мен сала

LRT-де қауіпсіздік талаптарының бұзылғанына байланысты астаналықтарға ескерту жасалды

Астанадағы LRT желісінде жолаушылар қауіпсіздік ережелерін бұзғаны анықталды. Мұндай әрекеттер апатты жағдайларға және пойыз қозғалысының уақытша тоқтауына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды astana-akshamy.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жолаушылар тарапынан мынандай жағдай тіркелді:

• станция платформасындағы шұғыл тежеу батырмасын негізсіз басу;
• пойыз ішіндегі қорғаныш әйнектің артында орналасқан платформалық есіктерді шұғыл ашу батырмасын іске қосу;
• вагон есіктерін ішінен өздігінен ашуға ұмтылу;
• қолын есік арасына тосып, есіктің жабылуына әдейі кедергі келтіру.

LRT жүйесі толық автоматтандырылған. Осындай кез келген іс жүйе тарапынан қауіпсіздікке төнген ықтимал қатер ретінде қабылданып, пойыздың тоқтауына және диспетчерлік орталықтың қосымша тексеріс жүргізуіне әкеледі.

Осыған байланысты жолаушылардан LRT пайдалану ережелерін сақтау сұралады. Сондай-ақ желіде жоғары кернеу бар екені ескертілді. Әр құрам ішінде LRT пойызының операторы болады, қажет болған жағдайда электр қуаты ажыратылғаннан кейін есіктерді сол маман ашады.

Тәртіп бұзғандар станциялар мен вагондарға орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықталады.

Анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданады және жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, LRT жүйесінің тұрақты жұмысына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button