Топырақ тозбасын десек…

Қазіргі уақытта әлемдік ауқымда халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – өзекті мәселе, өйткені планетада халық саны тым көп. Тиісінше, топыраққа артық салмақ түскен әрі жер алқаптарының тозу процесі жүріп жатыр. Сол себепті топырақ құнарлылығын сақтау аса маңызды.
Эрозияға ұшыраған, тұзданған, ластанған және шөлейттенген жерлер аумағының ұлғаюына, топырақтың үздіксіз пайдаланылуына байланысты ондағы қарашірік (гумус) мөлшерінің азаю үрдісі байқалады. Топырақ орта есеппен қажетті көлемнің тек 10%-ын минералды заттардан және 20%-ын органикалық тыңайтқыштардан алады. Бұдан бөлек, минералды негіздегі құралдарды шамадан тыс әрі тиімсіз пайдалану, сондай-ақ пестицидтерді қолдану топырақтың ауыр металдар мен ластануына ықпал етеді.
Аталған мәселелерді шешу үшін органикалық және минералды заттардың әсерін біріктіретін, бірақ топыраққа зиянды қоспалары жоқ био, микробио және құрамында гуматы бар өнімдер қолданылады. Бұл оларды егіншіліктің кез келген жағдайында қолдануға мүмкіндік береді, сонымен бірге топырақ құрылымы мен оның агрохимиялық, агрофизикалық және биологиялық сипаттамалары жақсарып, ондағы гумус мөлшері артады, детоксикация мен эрозия деңгейі төмендейді. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді бүкіл әлемде қолдану олардың гумус пен топырақ микроорганизмдеріне теріс әсерін көрсетті. Сондықтан топырақ құнарлылығын сақтау, жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өніміне қол жеткізу және жаңа әзірлемелерді енгізу уақытын қысқарту үшін профессор Сұлтан Усманов ең алдымен осы өнімдердің топырақ құнарлылығына әсерін зерттеуді ұсынды. Өзі даярлаған ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған MERS микробиотыңайтқышы мен BiobarsM биотыңайтқышының агрохимия, биология, экономика және экология тұрғысынан тиімділігін анықтау бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар ондаған жылдар бойы (20032013 жж.) А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында, оның ғылыми өндірістік орталығында, Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында, Ө.У.Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтында, Егіншілік және өсімдік шаруа шылығы ғылыми зерттеу институтында, Арал агроэкология және егіншілік ғылыми зерттеу институтында тәжірибеден өтті.
Бүгіндері «Анажер» ғылыми өндірістік қауымдастығының бас директоры, «Ә.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ бейорганикалық синтез және материалдар зертханасының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Усманов 1964 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Ташкент политехника институтын «инженертехнолог» мамандығы бойынша бітірді. 1969 жылдан 1992 жылға де йін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бүкілодақтық мақта өсіру институтында және Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Химия институтында зертхана меңгерушісі дәрежесіне дейін көтеріліп, қызмет етті. 1992 жылдың сәуірінде ол Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының жаңадан ұйымдастырылған тыңайтқыштар институтының директоры болып сайланып, оны 1997 жылдың қыркүйегіне дейін басқарды. Осы жылдары Сұлтан Усманов Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан Республикаларының 05.17.01 мамандығы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі аймақтық мамандандырылған кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Тәжірибелі ғалым аз қалдықты, энергия үнемдейтін технологиялар үшін іргелі және қолданбалы қағидаттарды әзірлеу, өндіріс орындарын құру және бақыланатын компоненттік құрамы мен көрсетілген қасиеттері бар отандық минералды, био, микробио, органоминералды және баяу бөлінетін тыңайтқыштар мен пестицидтерді даярлап, оны таратумен айналысты. Сұлтан Усмановтың ғылыми еңбектеріне 17 кітап, оның ішінде 3 бірлескен авторлық, 1 монография, 6 брошюра, 490 мақала, 54 КСРО өнертапқыш куәлігі, Қазақстан Республикасының өнертабысына 10 патент, Қазақстан Республикасының өнертабысына 20 инновациялық патент, 2 Еуразиялық патент және Өзбекстан Республикасының өнертабысына 4 патент кіреді. Оның басты миссиясы – парниктік әсерді азайтуға, топырақ құнарлылығын сақтауға, экология жағдайын жақсартуға, суару суы мен топырақ ылғалының тапшылығы жағдайында әлемдік қауымдастықты жоғары сапалы, экологиялық таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының, сондай-ақ Түрікменстан мемлекетінің қатысуына үлес қосу.
Осы ретте өндіріс және қолдану технологияларының ғылыми негіздерін қалыптастыру, өндіріс орындарын салу және Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының, Түрікменстан мемлекетінің, ТМД-ның дақылдар өндірісі нарықтарына отандық өндіріс биоөнімдерін, биотыңайтқыштарды және биопестицидтерді ілгерілету – негізгі мақсат. Бұл биоөнімдер өсімдіктердің жеткілікті қоректенуін қамтамасыз етеді және жаңбырлы ерлерде жоғары сапалы дақылдардың өнімділігін 2540%-ға дейін және суармалы жағдайларда 5070%-ға дейін немесе одан да көп арттырады, сонымен бірге суару суына деген қажеттілікті 2540%-ға және минералды тыңайтқыштарға деген қажеттілікті 1,53 есеге азайтады.
– Импорт өнімдерін жасау технологиясының басты кемшілігі химиялық заттардың топырақ құнарлылығы мен микроорганизмдерге әсері туралы зерттеулердің болмауы екенін ерекше атап өткен жөн. Біз ұсынған жаңа өнімдерді жасау процесіндегі маңызды жаңалық – зерттеудің реті. Ең алдымен, өнімдердің топырақтағы гумус құрамына және микроорганизмдер санына әсері зерттелді. Тек оң нәтижеге қол жеткізгеннен кейін ғана өнімдердің токсикология, гигиена, биология және агрохимия сипаттамасын анықтау бойынша зерттеулер жалғасты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерді пайдалануына әсер ететін факторлар анықталды және олардың сенімін біртіндеп арттыру процесі жүргізілді. Бұл әзірлеу мерзімін қысқартуға және отандық биологиялық өнімдер мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруге арналған инновациялық жобалар мен технологияларды жасауға мүмкіндік берді, – дейді өнертапқыш ғалым.
Бұл биотыңайтқыштар ең алдымен фермерлердің бәсекеге қабілетін арттырады. Яғни топырақ ылғалының жоғалуын азайту, топырақ құнарлылығын арттыру арқылы одан түскен өнімнің пайдасын 4070%-ға арттыру және 50% немесе одан да көп шаруашылықтардың қаржылай тұрақтылығын арттыру көзделген. Бұл дегеніміз – ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін несиені қайтару тәуекелін 4070%-ға, өндіріс шығынын 1520%-ға, өсімдік өнімдерінің сату бағасын 3040%-ға төмендетуге және азық түлік, химия, басқа да салалардың бәсекеге қабілетін 2540%-ға арттыруға болады деген сөз.
Айгүл УАЙС



