Елордада алғаш рет аты аңызға айналған hair-стилистің шеберлік сабағы өтеді
Елордада алғаш рет — аты аңызға айналған hair-стилистің шеберлік сабағы өтеді. 11 мамырда EXPO Конгресс-орталығы сұлулық индустриясының орталығына айналады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қатысушыларды не күтеді:
Авторлық техникалардың жанды демонстрациясы.
2026 жылдың трендтері мен пішінмен жұмыс істеу құпиялары.
Әр стилисттің портфолиосына арналған атаулы сертификат.
Іс-шараның ауқымы:
Қазақстан, Үндістан, Өзбекстан және Еуропадан 300-ден астам кәсіби маман қатысады. Мұндай деңгейдегі ивенттің өткізілуі Астананың оқиғалық туризм орталығы ретіндегі мәртебесін айғақтайды.
Қонақжайлылық:
Құрмет белгісі ретінде Kazakh Tourism мәртебелі қонаққа серіктестеріміз — Kazakh National Brands (@kazakh_national_brands) ұсынған сыйлықты табыс етті. «Шаңырақ» шай жиынтығы қазақы қонақжайлылық пен жылы кездесулердің символына айналды.
Қолдау:
Жоба елімізге ірі оқиғалық іс-шараларды тартуға белсенді атсалысып жүрген Kazakh Tourism компаниясының ақпараттық қолдауымен өтуде.
Өтетін орны: Астана, EXPO Конгресс-орталығы
Уақыты: 11 мамыр, 10:00
Билеттер мен толық ақпарат: mounirmasterclass.kz



