Мәдениет

8 мың бала қатысқан іс-шара

Астанадағы М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында ХІX «Шаттық-2026» қалалық шығармашылық байқауы өтіп жатыр. Бұл сайыс 2 сәуірден бастау алды. Жыл бойы өтіп келе жатқан «Шаттық» байқауы дарынды жастарды қолдауға, олардың жеке шығармашылық стилін қалыптастыруға және бастамаларын дамытуға ықпал ететін маңызды мәдени-білім беруге арналған жоба екендігін баса айтуымыз керек. 

Байқау өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарды, мәдениетті және заңды құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарында дәстүрлі нақыштар мен заманауи үрдістер — цифрлық мәдениет, инновациялық ойлау және жасанды интеллект элементтері үйлесімді көрініс табады.

— Бұл – еліміздің өңірлерінде баламасы жоқ бірегей мәдени-білім беру алаңы. Жоба елордадағы білім беру ұйымдарының балалар мен жасөспірімдерін біріктіріп, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өз жетістіктерін кең аудиторияға ұсынуға және өнер әлеміне алғашқы қадам жасауына мүмкіндік береді. Шара 8 жанр бойынша өтеді. Мақсаты өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған. Биылғы жылы цифрландырылған жыл болғандықтан басымдықты соған беріп отырмыз. 129 білім беру ұйымынан өтініш түсіп, 8 мыңға жуық бала қатысып отыр. Басты ұйымдастырушы Астана қаласының білім басқармасы екендігін айта кету керек, -деді М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Айымгүл Жабаева.

Байқаудың басты мақсаты — дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әрі зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының біртұтас кеңістігін қалыптастыру болатын. Байқауда хореография, театр, вокал, аспаптық жанр, бейнелеу өнері, фотосурет және хор өнері қамтылған. «Шаттық» байқауы жыл сайын жаңа есімдерді ашып, дарынды жастарды қолдап, елорданың мәдени әлеуетін дамытуға зор үлес қосып келеді.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button