Астанада жылу қашан өшіріледі?
Астанаға көктем келіп, күн жылына бастады. Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес қалада ауа температурасы +10-нан асқанда және бұл температура қатарынан 5 күнге созылғанда жылу өшіріледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Синоптиктердің болжамына сәйкес осы аптада Астанада өткінші жаңбыр жауады, көбіне күн ашық болады. Ауаның орташа температурасы +16°C көрсетеді, сондықтан жылыту маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін.
2 сәуір күндіз +15, түнде +1; 3 сәуір күндіз +20, түнде +4; 4 сәуір күндіз +20, түнде +8; 5 сәуір күндіз +16, түнде +8. Алайда 15 сәуірден бастап Қазақстанда температура төмендейді және +7°C-тан +11-ге дейін өзгереді.
Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы Астанада жылу 21 сәуірде өшірілді. Содан кейін аяз болса да жылыту маусымы аяқталды.



