ӘлеуметБасты ақпарат

Мерзімді әскери қызмет – мемлекеттік міндет

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 14 наурызындағы № 1202 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Рес­публикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына орындау мақсатымен және Астана қаласы әкімінің 2026 жылғы 16 наурыздағы №514-920 «2026 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-­желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес осы жылдың наурыз айынан бастап қалалық және аудандық әкімдердің орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті.

Маусым айының отызына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі
21 000-нан астам ер-азамат толықтырады.

Соның ішінде Астана қаласынан 1 400-ден астам жастарымыз әскери бөлімдерге жіберіледі.

Нақтырақ айтқанда:

Қарулы Күштерге – 790 адам шамасында;

Ұлттық Ұланға –  450 адам;

ҰҚК Шекара қызметіне – 120 адам;

Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30 адам;

Мемлекеттік Күзет қызметіне – 25 адам.

(Салыстырмалы түрде 2025 жылы көктемде Астанадан 1 207 адам шақырылды).

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес азамат электрондық форматта хабарландыру алады, яғни 1414 нөмірінен телефонына SMS-хабарлама ретінде келеді. Электронды хабарлау мүмкін болмағанда, қағаз түрінде шақырту қолхатпен жұмыс орны мекеме басшысына немесе туыстарына табысталуы мүмкін. Осылайша, көп арналы жүйе арқылы азаматтың дер кезінде әскерге шақырылуын қамтамасыз ете аламыз.

Бүгінгі таңда әлемдегі геосаяси жағдай жоғары шиеленіспен сипатталады. Егемендікті, елдің аумақтық тұтастығын қорғау армияның жауынгерлік дайындық деңгейіне, кадрлармен қамтамасыз етілуіне және кадрлық әлеуетіне байланысты.

Қазақстандағы әскери қызмет, басқа елдердегідей, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар әскери-оқытылған резервтің негізін қалыптастырады және ұлттық қауіпсіздікке немесе төтенше жағдайға қауіп төнген жағдайда бұл резерв біздің елімізді қорғау үшін қысқа мерзімде жұмылдырылатын болады. Сондықтан азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өз мәні бойынша негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Осы жерде, мерзімді әскери қыз­меттің еліміз үшін қаншалықты маңыз­ды екеніне қысқаша  тоқталып кеткім келеді.

Біріншіден, армия – елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз ететін негізгі күш. Мемлекет қауіпсіздігі ұдайы әзірлікті қажет етеді ал мерзімді әскери қызмет ықтимал қатерге жастарды даярлауда үлкен роль атқарады.

Екіншіден, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтардан резерв құрылады, олар жұмылдыру жағдайында әскери қызметке шақырылатын болады.

Үшіншіден, мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жігіттеріміз тәртіпті, жауаптылықты сезініп, көшбасшылық қабілетті және топта жұмыс істеу дағдысын меңгереді. Оның бәрі тек әскерде ғана емес, өмірде де қажет болады.

Төртіншіден, мерзімді әскери қызметке шақыру – ол азаматтық жауапкершілік, патриотизм, өз елін қорғауға әзір болу актісі және ұлт тұтастығы мен қоғам үйлесімін қалыптастыратын маңызды элемент болып табылады.

Бір сөзбен айтқанда, мерзімді әскери қызмет – ол тек міндет қана емес, қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамы, ол елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Барлық жерде цифрландыру аясында жергілікті әскери басқару органдары шетте қалмады. Осылайша, 2020 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі әскери есепке алуды жүргізу үшін жаңа ақпараттық жүйені енгізді, оның көмегімен 2023 жылдан бастап «Smart военкомат» жобасы жүргізілуде. «Smart военкомат» жобасы – жергілікті әскери басқару органдары қызметінің процестерін автоматтандыру жолымен әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындауға жеке және заңды тұлғалардың қатысуын барынша азайтуға бағытталған цифрлық шешімдердің жиынтығы.

Жобаның негізгі элементі – әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың дербес әскери есебін жүргізуге арналған Қорғаныс министрлігінің «жұмылдыру ресурстарын автоматтандырылған есепке алудың интеграциялық шлюзі» цифрлық жүйесі болып табылады.

«Smart военкомат» жобасы аясында іс жүзінде келесі инновациялар іске асырылды және табысты жұмыс істеуде:

1) ішкі көші-қон кезінде азаматтарды әскери есепке автоматты түрде қою:

Тұрғылықты жері тұрақты тіркелген кезде «әскери есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету үшін жүгіну қажеттілігі алынып тасталды, 2025 жыл ішінде елімізде 434 мыңнан астам адам қайта есепке алынды;

2) 17 жастағы жігіттерді Шақыру
пункттеріне автоматты түрде тіркеу: Бұрын бұл процесс олардың жеке қатысуын талап етті, ол үшін бүкіл ел бойынша жастарды медициналық куәландыру үшін аудандық орталықтарға жеткізу жүзеге асырылды.

Астана қаласында 2024 жылдан бастап 17 жасар балаларды әскери есепке автоматты түрде қою жүргізілуде. Мысалы, Астана қаласында 2026 жылы қаңтар мен наурыз аралығында оқудан қол үзбей-ақ 2069 бозбала тіркелген.

3) азаматтың өтінішін қажет етпей және бұрын қолданылғандай түрлі анықтамалар тапсырмай, мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мен босатуды автоматты түрде беру:

Осылайша, оқушы, үйленген, балалары бар жастар; мүгедектігі бар адамдар; ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтар кейінге қалдыру үшін шақыру комиссияларының отырыстарына шақырылмайды. 2025 жыл ішінде елімізде барлығы 457 мыңнан астам кейінге қалдырылды.

4) Кейінге қалдыруға негіздер жоғалған жағдайда, оны кері қайтарып алу да автоматты түрде жүзеге асырылады;

5) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен интеграциялық өзара іс-қимыл есебінен әскери қызметті өткеру туралы мәліметтермен жедел алмасу мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдерін ресімдеу кезінде түрлі анықтамаларға жүгіну қажеттілігін алып тастады, ал заңды тұлғалар, бизнес-құрылымдарды қоса алғанда, жұмысқа қабылданған және жұмыстан шығарылған адамдар туралы ай сайын есептер беру қажеттілігі тоқтады;

6) азаматтарды мерзімді қызметке шақыру туралы бұйрықтар жүйеде электрондық форматта шығарылады, осыған байланысты шақырылғандар туралы мәліметтер автоматты түрде «кредиттік каникулдарды» ұсыну үшін мемлекеттік және бірінші кредиттік бюроларға жіберіледі.

7) аудандық және облыстық шақыру комиссиялары отырыстарының цифрлық хаттамалары енгізілді, бұл жоғары тұрған органдардың тікелей бақылауын жүзеге асыруға мүмкін.

8) азаматтарды мерзімді қызметке шақыру туралы бұйрықтар жүйеде электрондық форматта шығарылады, осыған байланысты шақырылғандар туралы мәліметтер «кредиттік демалыстарды» ұсыну үшін мемлекеттік және бірінші кредиттік бюроларға автоматты түрде жіберіледі;

9) аудандық және облыстық шақыру комиссиялары отырыстарының цифрлық хаттамалары енгізілді, бұл жоғары тұрған органдардың тікелей бақылауын жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

10) әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыруды автоматтандыруды қамтамасыз ететін және бұрын ауырған аурулар мен жарақаттар туралы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін «Е-Медосмотр» медициналық цифрлық жүйесімен интеграция жүргізілді; Қазірдің өзінде «Е-Медосмотр» цифрлық жүйесін Астана қаласының медициналық комиссиялары пайдаланады. 2025 жылы цифрлық форматта медициналық куәландырудан барлығы 17 мыңнан астам әскерге шақырылушы өтті.

Бұдан басқа, «Smart военкомат» жобасын іске асыру нәтижесінде азаматқа қатысты әскери есепке алу жөніндегі барлық мәліметтер Egov және Мgov порталдарындағы «Жеке кабинетте», атап айтқанда, әскери қызметке қатынасы; азамат әскери есепте тұрған ЖӘБО; қызмет ету кезеңдері, сондай-ақ әскери есепте әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы ақпарат көрсетіледі.

Біз сарбаздардың ата-аналарымен және туыстарымен бейнебайланысқа шығуын қамтамасыз ететін «Отбасымен бейнеқоңырау» сервисін белсенді қолданамыз.

«ARMIA.KZ.» ақпараттық сервисі жасалды. Ол Қарулы Күштерді цифр­ландыру және азаматтармен «Ашық үкімет» қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасауды жақсарту шеңберінде енгізілді.

Әскери қызметтің тартымдылығын арттыру жұмысы жалғасып жатыр. Ол ең алдымен, білім беру секторындағы жеңілдік пен кредиттік каникулға қатысты. Қазіргі уақытта мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін қызмет ету кезеңіне кредиттер бойынша кейінге қалдыру және ҰБТ нәтижелерін есепке алмай мемлекеттік білім беру гранты бойынша ЖОО-ға оқуға түсу мүмкіндігі көзделген. Әскери қызметшілерге көмектесу үшін «Сарбаз» цифрлық платформасы жұмыс істейді, ол рейтингті автоматты түрде анықтайды және сарбаздарды жоғары оқу орындары бойынша бөледі, оларға электрондық кітапханаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2023 жылдан бастап жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырусыз 8 мыңнан астам сарбаз түсті, соның ішінде 2025 жылы –
3 300 сарбаз.

20 мыңнан астам әскери қызметшіге кредиттік негізгі борыш және жалпы борыш сомасы 8,8 млрд теңгеге кредиттік каникул берілді. Сонымен қатар, қызмет ету кезінде мерзімді сарбаз мамандыққа ие бола алады немесе экономиканың нақты секторында қажет жұмысшы мамандығын игере алады. Әскери қызметшілер Қарулы Күштер түрлерінің кіші мамандарын даярлау оқу орталықтарында кәсіптік білім алады. Оқудан өткеннен кейін әскери қызметшілерге тиісті мамандық алғаны туралы сертификаттар беріледі.

Сөз соңында айтқым келгені, қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап жатқан ақпарат ағыны жағдайында еліміздің Қарулы Күштері мен мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын нығайтуға көңіл бөліп, үлес қосу өте маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен болгерлердің осы контекстегі жұмыстары азаматтар арасында қоғамдық пікір қалыптастыру мен патриотизм деңгейін арттыруда орасан зор болып отыр.

Бүгінгі таңда күрделі халықаралық жағдайда мерзімді әскери қызметті жеке өсуге, оқуға және туған жерді қорғауға дайындыққа ықпал ететін өмірдің қажетті және лайықты бөлігі ретінде ұсыну маңызды.

Қарулы Күштер бүгінде белсенді түрде жаңғыртылуда, жаңа технологиялар мен қару-жарақтар енгізілуде.

Мұны материалдардан атап өтуге болады, бұл армия тек әскери ғана емес, сонымен қатар заманауи қару-­жарақ пен технологиямен жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар екенін көрсетеді, бұл қызметті жастар үшін тартымды етеді. Еліміздің қауіпсіздігі үшін патриоттық көңіл-күй мен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру маңызды міндет болып табылады.

Руслан  БАЛТЕМІРОВ,

Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің
бастығы, полковник

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button