Ел тынысыСаясат

«Keruencity» ұжымымына ақпараттық акция өткізілді

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының қалалық филиалының өкілдері «KeruenCity» сауда–ойын-сауық орталығының ұжымымен кездесті. Қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, оның әділеттілікті нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге және халықтың әлеуметтік қорғауын арттыруға бағытталғаны түсіндірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Нарықтағы барлық қатысушылар үшін тең ережелер принципіне ерекше назар аударылды. Заң бизнес үшін тең жағдайларды қамтамасыз етеді, нормалардың әділ қолданылуын кепілдейді, кәсіпкерлерді кемсітуден қорғайды және нарық қатысушыларының негізгі құқықтарын сақтайды. Бұл ашық және бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырады.

Сонымен қатар, ұсынылып отырған нормалардың кәсіпкерлікті және қызмет көрсету саласын дамытуға, бизнес пен ұйымдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға қалай ықпал ететіні айтылды.

СОО келушілеріне жаңа Конституция жобасының мәні, оның негізгі ережелері және 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысу тәртібі туралы арнайы ақпараттық парақшалар таратылды. Материалдарда ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мақсаты, елдің одан әрі дамуына әсері және әрбір азаматтың маңызды мемлекеттік шешім қабылдаудағы рөлі көрсетілген.

«Мұндай акциялар ұсынылып отырған өзгерістерді дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мен міндетті түрде референдумға қатысамын, өйткені елдің болашағына өз үлесімді қосу — азаматтық парызым деп санаймын», — деді қала тұрғындарының бірі.

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button