
24–27 ақпан аралығында Парламентаризм институты «Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы жобасы» бойынша РМК (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар сериясын өткізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараларға шамамен 300 қызметкердің қатысуы жоспарлануда. Жобаның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша спикер ретінде Қабылбаева Меруерт Әлиханқызы, Парламентаризм институтының Құқықтық мониторинг және халықаралық практика орталығының басшысы, заң жобалау қызметі саласындағы сарапшы қатысуда.

Кездесулер барысында Конституцияның жаңа редакциясы жобасының құрылымы, жаңа редакцияны қабылдаудың негіздері (өзгерістердің ауқымдылығына байланысты), жаңа бөлімдердің енгізілуі («Халық Кеңесі», «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу»), заң шығарушы орган моделінің өзгеруі, сондай-ақ жаңартылған редакциядағы адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері түсіндірілуде.
Іс-шаралар ақпараттық-құқықтық сипатта өткізіліп, жоба ережелерін жүйелі әрі кәсіби түрде түсіндіруге бағытталған.



