
Қазақстан дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Жаңа Конституция бойынша референдумды еуропалық сарапшылар осылай бағалайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Дипломатия әлемі» талдау орталығының жоба менеджері Альберто Туркстраның айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы онжылдықтары егемендікті нығайтуға, мемлекеттік институттарды қалыптастыруға және елдің халықаралық беделін арттыруға арналды. Ендігі басымдық күрделі халықаралық жағдайда жүйенің тиімділігі мен орнықтылығын күшейтуге берілгелі отыр.
«Сондай-ақ адам құқықтарына және билік тармақтарының өкілеттіктерін нақты айқындауға ерекше назар аударылып отыр. Бұл референдум 2019 жылы Тоқаев Президент болып сайланғаннан кейінгі оң өзгерістердің қисынды жалғасы. Қазақстан мемлекет құру кезеңінен институттарды нығайту кезеңіне өтуде. Бірпалаталы парламенттен бастап вице-президент лауазымын енгізуге дейінгі ұсыныстар жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Конституцияның маңыздылығы – ол халықаралық міндеттемелерден бас тартпай, ел егемендігін нығайтуды көздейді. Негізгі назар адам құқықтары мен ішкі және сыртқы сын-қатерлерге дайын болуға аударылған», — дейді сарапшы.



