Ел тынысыСаясат

Елорданың мәдениет қайраткерлері жаңа Конституция жобасын талқылады

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық штабының мүшелері, еліміздің жетекші қоғамдықсаяси бірлестіктерінің өкілдері «OzgeEpic« креативті хаб орталығында болып, қаланың мәдениет және креативті индустрия басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында алдағы конституциялық реформалардың мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді. Әңгіме кәсіпкерлікті дамыту, зияткерлік меншікті қорғау, адами капиталды нығайту және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту төңірегінде өрбіді.

-Бүгінгі Астана — тек әкімшілік орталық емес, ой мен бастаманың, ізденіс пен еңбектің тоғысқан мекені. Қазіргі таңда елордада 9126 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Қаладағы креативті экономика саласында 24 700 адам еңбек етеді. Бұл — IT мамандары, дизайнерлер, сәулетшілер, медиа және цифрлық технология өкілдері, — деп Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық штабының төрағасы Ерлан Каналимов жаңа Конституция жобасында осы бағыттарда қарастырылған жаңашылдықтарды баяндады.

Спикерлердің сөзін тыңдаған мәдениет қайраткерлері ой-пікірімен бөлісті.

-Мәдениет саласында жұмыс істейтін адам ретінде біз үшін шығармашылықпен шектеусіз еркін айналысуға мүмкіндік беретін тармақтарды аталды, бұл Конституция шеңберінде авторлық құқықпен қорғалған. Бұл мен үшін және менің әріптестерім үшін өте маңызды, — деді Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Бекболат Арыстанбеков.

Елордалық суретші Ақмарал Бақытова да ойын айтты.

— Суретші ретінде мен үшін Конституция жобасында қарастырылған зияткерлік меншікті қорғау тақырыбы өте маңызды. Біздің жұмысымыз қорғалады және бұл сенім тудырады. Менің ойымша, Конституцияда азаматтарымыздың игілігіне бағытталған көптеген маңызды тармақтар бар. Суретші ретінде мен ең алдымен соларды байқадым, — деді суретші.

Пікір алмасу мазмұнды әрі байыпты өтті. Креативті орта ел дамуына бейжай қарамайтынын, жаңа кезеңде жауапкершілікпен атсалысуға дайын екенін айқын көрсетті.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button