Ел тынысыСаясат

Уақытша тіркелуге мүмкіндік беріледі

Конституция жобасы бойынша референдум күні еш жерде тіркелмеген азаматтарға дауыс беру учаскесі орналасқан үй-жайға уақытша тіркелу мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Орталық референдум ко­миссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтты.

«Тұрақты тіркелген жерінен алынып тасталған немесе еш жерде тіркеуде болмаған азаматтардың сайлау құқығын іске асыру мақсатында азаматтарға дауыс беру күні учаске орналас­қан үй-жайда уақытша тіркелу мүмкіндігі беріледі және бұл тек қана дауыс беру күні үшін» деді М.Ерман комиссия отырысында.

Учаскелік референдум комис­сия­ларының мүшелері eGov порталы арқылы азаматтың жазбаша өтініші бойынша оны азаматтар тізіміне енгізу үшін тұрақты тіркелген жері туралы ақпаратты алады.

«Өтініш берушінің тиісті референдум учаскесінің аумағында тұрақты тіркелген жері туралы мәлімет расталған жағдайда, комиссия оны сайлаушылар тізіміне енгізу шешімін қабылдайды. Егер мәлімет расталмаса, азаматтар тізіміне енгізуден бас тарту туралы негізделген шешім қабылдап, оның көшірмесін өтініш беруге табыстайды» деді төраға орынбасары.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button