Төрт мың әке қар күреді

Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында «200 мектеп және балабақша – 4000 әке» қар күреу экочелленджі өтті.
Экочеллендж акциясына мектеп оқушыларымен қатар 4 мың әке қатысты. Олар мектеп және балабақша ауласын қардан, мұздан тазартты.
«Бұқаралық іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар баланың бойында жауапкершілік, адамгершілік, адалдық секілді қасиеттердің қалыптасуына септігін тигізеді. Экочелленджді ұйымдастыруға Астана қаласының Білім басқармасы қолдау көрсетті. «Әкелер одағы» атынан алғысымызды білдіреміз» деді республикалық «Әкелер одағы» Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай.
Экочеллендждің басты мақсаты – білім беру ұйымдары мен ата-аналар қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтып, тәрбие ісіндегі әкенің рөлін арттыру.



