Салық заңнамасына қатысты өзгерістерді түсіндіру жалғасуда

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіруге бағытталған кәсіпкерлерге арналған көшпелі консультациялар сериясын жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Консультациялар кәсіпкерлерді салық режимін дұрыс таңдау және қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны дұрыс ұсыну жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл шаралар бизнеске салық салудағы қателіктерді болдырмауға және салық міндеттемелерін уақтылы орындауға көмектесуге бағытталған.
2026 жылдың басынан бері Департамент қызметкерлері елорданың «Mega», «Keruen», «Sauran» сауда үйі, «Еуразия», «Аспан базар» және басқа да ірі сауда орталықтарында кәсіпкерлермен 100-ден астам кездесу өткізді. Кездесулер барысында мамандар арнайы салық режимін қолдану шарттары мен хабарламаларды беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіруде.
Астана қаласы бойынша МКД қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны беру мерзімі 2026 жылғы 28 ақпанда аяқталатынын еске салады.
«Хабарламаны уақтылы ұсыну және салық режимін дұрыс таңдау — бизнестің табысты жұмыс істеуінің маңызды қадамы», — деп атап өтті Департамент өкілдері.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап салық төлеушінің ескі кабинетінде және Салық есептілігін өңдеу сервистері АЖ-де (СЕӨС) «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» 328.00 нысаны өшірілгені туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 328.00 нысаның функционалы Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйенің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) толық қолжетімді.
СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.
328.00-нысаны «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» салық есептілігіне (328.00-нысан) байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығымен бекітілген.
Сондай-ақ, департамент мамандары фискалдық деректер операторларының серверіне деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан деректерді беру хаттамасы (2.0.3 нұсқасы) туралы да еске салады.
«Құрметті салық төлеушілер!
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2025 жылғы 20 маусымнан бастап 2.0.3 нұсқасының деректерді беру хаттамасы қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.
Бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) барлық пайдаланушылары 2.0.3 нұсқасының хаттамасы бойынша жұмысқа көшуді қамтамасыз етуі қажет.
2.0.3 нұсқалы хаттамада БКМ-нің Ұлттық тауар каталогына (бұдан әрі – ҰТК) автоматты қосылуын және БКМ нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО жағындағы геолокацияны анықтау қызметі қарастырылған.
БКМ үшін деректерді бекіту және беру функциясы бар электрондық құрылғылар түрінде («темір кассалар» деп аталады) қайта бағдарламалау техникалық қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі керек.
2.0.3 нұсқасының хаттамасымен жұмыс істейтін фискалдық деректер операторларының тізбесі: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «ЖШС Бухта.kz», «Smartcontract» ЖШС, «Kcell» АҚ («ЖШСJusan Mobile»), «Beeline» ЖШС («Кар-Тел»), «Вайпойнт»ЖШС.
Ауысу мерзімі, 2026 жылдың 1 наурызына дейін аяқталуы керек.
Салық төлеушілерден 2.0.3 нұсқасының хаттамасына уақтылы көшуді қамтамасыз етуді және барлық қажетті техникалық жұмыстарды белгіленген мерзімде орындауды сұраймыз», — делінген хабарламада.



