Ел тынысы

Саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған маңызды өзгерістерді қамтиды

Елімізде жаңа Конституция жобасы жарияланды. Бұл құжат елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды өзгерістерді қамтиды. Соның ішінде Құрылтайдың құрамы мен өкілеттіктерін жаңарту мәселесі де бар.

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы жобасын жариялады. Жобада Құрылтайдың құрамын 145 депутаттан тұратындай етіп оңтайландыру ұсынылды.

Депутаттар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі арқылы сайланады. Бұл — партиялылықты күшейтіп, кәсіби, тиімді жұмыс істейтін Құрылтай қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының парламенттік квотасы алынып тасталған.

Құрылтай депутаттарының өкілеттіктері кеңейтіліп, негізгі бағыттар ретінде:

Президенттің Вице-президентін тағайындауға келісім беру,

Конституциялық Сот судьяларын,

Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін,

Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім беру, сондай-ақ Жоғарғы сот судьяларын сайлау және қызметтен босату қарастырылған.

Жаңа Конституция жобасында жекелеген өңірлерде арнайы құқықтық режимдер енгізу мүмкіндігі бекітілді.

Бұл тетік елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, өңірлердің теңгерімді дамуын қамтамасыз етуге және инвестициялық тартымдылықты күшейтуге бағытталған.

Арнайы құқықтық режимдер арқылы белгілі бір аумақтарда басқару, қаржы немесе сот жүйесінің ерекше тәртіптері белгіленуі мүмкін.

Алайда мұндай режимдер шектеусіз емес — олар қатаң заңдық негізде, нақты мақсатпен және мемлекеттік бақылаумен ғана қолданылады.

Бұл норма кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тұрақты әрі болжамды құқықтық орта қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсімге жол ашады.

Нәтижесінде өңірлердің дамуы жеделдеп, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі артады.

Мадина АЖКЕНОВА, 

Астана қалалық мәслихатының депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button