Мәдениет

Ыстамбұлда «Қазақконцерт» әртістері өнер көрсетті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Ыстамбұлда өнер көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кеште ұлттық, дәстүрлі мұра жаңаша ұсынылды. Концертке республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысты. Танымал өнер иелері ұлттық дәстүр мен тарихи мұраны заманауи музыкалық өңдеуде орындады. Атап айтсақ, Құрманғазы Сағырбайұлының, Үкілі Ыбырайдың, Қорқыттың, Сәкен Сейфуллиннің, Нұрғиса Тілендиевтің, қазақ және түрік халық әндері мен т.б. туындылар ұсынылды.✔️

Іс-шара Қазақстанның музыкалық мұрасын түрік халқына таныстырып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға арналған алаң болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button