Елорда тынысы

«Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-­қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы ­Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Ұлдана Қалдарханқызы өзінің кәсіби міндетін орындау кезінде ауыр жарақат алып, арада 10 күндей өткенде қайтыс болғанын қайғыра жеткізді. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін айтты. 8 қарашадан бері дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп, жағдайын тұрақтандыруға бар күшін салды. Алайда, өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттары оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бермеді.

Астана қаласының әкімдігі қаза тапқан фельдшердің отбасына жан-жақты қолдау көрсету жоспарланғанын мәлімдеді. Соның ішінде материалдық көмек көрсету және жерлеу рәсімін ұйым­дастыруға байланысты шығындарды өтеу қарастырылған. Сондай-ақ белгіленген тәртіппен сақтандыру бойынша өтемақы төленеді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button