Қоғам
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4,4% өсті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ол биылғы 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі 4,4%-ды құрағанын, ал жоспар бойынша бұл көрсеткіш 2,3% болғанын атап өтті. Мұндай өсім егін шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 5,2%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға ұлғаюы есебінен болып отыр.
«Биыл аграршыларға мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп, агротехнологиялармен толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды, бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда саладағы өндірістің өсуін қамтамасыз етті»,