Uncategorized
Астана құрамасы командалық эстафетада екінші орын иеленді

Қызылорда қаласында велосипед спортынан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы, сондай-ақ командалық эстафета мен критериум бойынша ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жарыстың алғашқы күнінде өткен тасжолдағы командалық эстафета сайысында Астана құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Команда құрамында мынандай спортшылар өнер көрсетіп жатыр:
• Сергей Кармажаков;
• Мұрат Күйтенов;
• Арлан Ерік;
• Алина Венглинская;
• Елена Мандракова;
• Милана Котельникова.
Айтулы жарыс ертең өз мәресіне жетеді.