Құқық

Мас жүргізуші қайта ұсталды

Елордада «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері Затаевич көшесінде «Renault» маркалы автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, рөлде отырған 32 жастағы азаматтың алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды. Сонымен қатар, оның 2023 жылы сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, азамат заңды елемей, көлік тізгініне қайта отырған.

Аталған автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарға мас күйінде көлік жүргізу – ауыр зардаптарға әкелетін құқық бұзушылық екенін ескертеді. Бұл өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың да қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Сондықтан жол ережелерін қатаң сақтап, көлік басқару кезінде заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу қажет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button