Ел тынысы

Бокс федерациясы кубогының ширек финалдық жекпе-жектері Астанада өтеді

Астанада 30 қыркүйектен 4 қазанға дейін республикалық турнир – «Қазақстан бокс федерациясы кубогының» ширек финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнирге Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының боксшылары қатысады.

Ерлер арасындағы сайыстар 8 салмақ дәрежесінде өтеді: 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг.

Әйелдер 7 салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтайды: 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг.

Бұл кезеңде елдің ең үздік боксшылары жартылай финалға шығу үшін күш сынасады. Турнирдің басты мақсаты – Астанада әуесқой боксты дамыту және қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ қатысушылар арасынан ең мықты команданы анықтау.

Турнирді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Елорда бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button