Ел тынысы

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып қалды

Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өткен Үкімет отырысынан кейін Степногорск қаласындағы жылу желілерінде барлық жұмыстар аяқталғанын баяндады. Аягөз қаласы да жылыту маусымының басталуына дайын. Орал қаласында бір апта ішінде тағы 20% жұмыс аяқталды, жалпы прогресс 85%-ды құрайды.

Аягөз қаласының орталық қазандығындағы №3 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталды, №2 қазандықтың дайындығы 70%-ды құраса, №1 қазақндық 20%-ға дайын. Сәтбаев қаласында №2 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталды. Қосымша биылғы 30 қыркүйекке дейін №1 қазандық дайын болады. №3 қазандықтарды жөндеу тиісінше 82%, ал және №4 қазақдықта 48% орындалды.

Аталған нысандардағы жұмыстар биылғы 1 қазанға дейін аяқталу қажет, деп атап өтті Роман Скляр.

«Бірқатар өңірде жұмыстар әлі аяқталмаған. Кейбір облыстарда санаулы күннен кейін жылыту маусымы басталады, ғсондықтан, әкімдерге жөндеу жұмыстарының аяқталуын жеке бақылауға алуды тапсырамын.  Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларында жылу беру мәселесін ерекше назарда ұстаңыздар», — деп тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button