Астанада 207 қоқыс үйіндісі жойылды

Елордада рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және құқық бұзушыларды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазіргі уақытта қала бойынша 207 қоқыс үйіндісі жойылып, 270 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жұмысқа 149-дан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Аудандар бойынша деректер:
Байқоңыр ауданында – 53 үйінді жойылып, 25 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды;
Есіл ауданында – 54 үйінді жойылып, 82 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды;
Сарыарқа ауданында – 16 орыннан 19 мың тонна қоқыс жиналды;
Сарайшык ауданында – 32 үйінді жойылып, 32 мың тонна қоқыс шығарылды;
Алматы ауданында – 28 үйінді жойылып, 20 мың тонна қоқыс шығарылды;
Нұра ауданында – 24 нүктеден 99 мың тонна қоқыс шығарылды.
Стихиялық қоқыс үйінділерімен күрес тек оларды жоюмен шектелмейді. Бақылауды күшейту, құқық бұзушыларды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынған. Қалада мобильді топтар мен заң бұзушылықтарды тіркейтін iKomek жүйесі белсенді жұмыс істеп тұр.
Рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастаған жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға 100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін (393,2 мың – 3,9 млн теңге) айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда айыппұл 200-ден 2000 АЕК-ке дейін (786,4 мың – 7 млн теңгеден астам) жетеді.
2025 жылдың жеті айында Полиция департаменті әкімшілік жауапкершілікке тартты:
Қоғамдық орындарды ластағаны үшін (ӘҚБтК 434-2-бабы) – 11 250 құқық бұзушыға 380 млн теңгеден астам айыппұл салынды;
Қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін (ӘҚБтК 505-бабы) – 19 570 адамға 34 млн теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, қоқыс шығару үшін пайдаланылған көліктер мен өзге де заттарды тәркілеу шаралары қарастырылған. Бұл қадам жаңа рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмауға және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Айта кетейік, СҚО-дағы Бәйтерек және Бескөл тұрғындарының мазасын қашырған қоқыс полигоны жабылды.