Мәдениет

Жайдарман жарысы

Елордадағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «Jaidarman. Maman cup» республикалық арнайы жобасы қорытындыланды. Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.  

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен жоба Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Турнир елорда жастарын ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарынан келген, тіпті Өзбекстан елінен келген командаларды жинады.

«Жастардың тапқыр әзілдерінен бөлек, олар қоғам үшін маңызды құндылық – еңбек мамандықтарының мәнін айшықтап көрсетті. Командаларға күлкі мен эмоцияға толы кеш үшін рақмет» деді өз сөзінде Есет Байкен.

Тартысты ойын нәтижесінде бірінші орынды Қарағанды қаласының «Шахтерлер» командасы (1 млн ­теңге) иеленді. Екінші орынды «Sweet» және «ҚТЖ» (500 мың теңге) командалары, үшінші орынды «Эверест», «Шум балалар», «Абибас» (300 мың теңге) бөлісті.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button