Астана халқының өмір сүру ұзақтығы ең жоғары деңгейге жетті

Астана халқының өмір сүру ұзақтығы ел бойынша ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Елорда тұрғындарының қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығы ел бойынша жоспарланған деңгейден 3,5 жылға жоғары, ал 2029 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен 2 жылға асып отыр.
Әсіресе Астанада туберкулезге қарсы күрес жолындағы жетістіктер айтарлықтай жақсарған.
«Аурушаңдық 21,5%-ға, ал өлім-жітім 6,5%-ға азайды. Инсультті емдеуде госпитальдық өлім-жітім 8%-ға төмендеді, ал ауруханадан шыққаннан кейін үйде бір ай ішінде болатын өлім-жітім 32%-ға азайды. Онкологиялық көмекті ерте анықтау үлесі өсіп келеді: қазіргі таңда аурулардың 34,6%-ы бастапқы кезеңде диагностикалануда», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар миокард инфарктісін емдеу бойынша көрсеткіш айтарлықтай жақсарған.