Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай 442 маман марапатталды

Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай 442 маман марапатталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астанада Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай су саласының мамандарына мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстау рәсімі өтті. Су саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов құттықтады.
Биыл еліміз бойынша ордендермен, медальдармен, төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен су саласының 442 маманы марапатталды. Оның ішінде 55 адам – мемлекеттік наградамен, 97 маман – «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен, 24 қызметкер – «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Бұған қоса, 177 маман Құрмет грамотасына, 89 маман Алғыс хатқа ие болды.