Ел тынысы

Қазақстан азық-түлікпен өзін толық қамтамасыз етіп отыр

Елімізде негізгі тауар санаттары бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан 100% және одан да жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететін көлемде өндіріледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«2024–2028 жылдарға арналған Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспары аясында былтырдан бастап алғаш рет қайта өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру іске қосылды. Өткен жылы 35 миллиард теңге бағытталды. Биыл қаржыландыру көлемі 40 млрд теңгеден асады», – деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін ұлғайту бағдарламасы аясында 83 сүт-тауар фермасы қаржыландырылып, олардың 47-сі пайдалануға берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button