Мәслихат депутаттары коммуналдық кәсіпорындарды аралауды бастады

Астананы абаттандыру мәселелері талқыланатын «Астана Бас жоспар» ЖШС-дегі кеңестің алдында қалалық мәслихат депутаттары коммуналдық кәсіпорындарға жұмыс сапарын бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл – күн сайын елорданың тазалығы мен көгалдандырылуына, абаттандырылуына жауап беретін ұйымдардың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында жүзеге асқан сапар.
«Астана-Зеленстрой» ЖШС:
Кәсіпорында 1 886 қызметкер жұмыс істейді, 277 арнайы техника бірлігі бар.
2025 жылға жоспарланған жұмыстар:
– 24 000-ға жуық ағаш отырғызу,
– 8 621 м² тірі шарбақ,
– 70 725 м² біржылдық гүлдер,
– 115 950 дана сәндік бұта отырғызу.
Сондай-ақ, депутаттар «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметімен танысты. Кәсіпорын нөсерлі кәріз жүйелерін, сорғы станцияларын және тазарту құрылыстарын күтіп-ұстауға жауап береді.
Кездесу барысында ағымдағы міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Бұл мәселелер алдағы уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе талқыланатын болады.