Мәдениет

Зияткерлік байқау

Астана қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Есіл аудандық филиалында өскелең ұрпақпен қарым-қатынасты нығайтып, ой-өрісін кеңейту мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік байқауы өтті.

Бұл байқауды «Сыр сандық» зияткерлік клуб еріктілері жоғары деңгейде ұйымдастырып, «Қазақстан тарихы», «Салт-дәстүрлер», «Мақал-мәтелдер», «Тақырыптық жұмбақтар, сұрақтар», т.б. бөлімдерді қамтыды.

Мектеп оқушылары команда капитанымен бірге тақырыптық сұрақтарға қызығушылық танытып, жедел жауап берді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері және «Сыр сандық» мүшелерінен құралған қазылар алқасы бес балдық бағамен бағалады.

Астана қаласы әкімдігінің Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебінің директоры Г.Жангелді, № 103 орта мектебінің директоры Ж.Айтова, тәлімгер Д.Ержанова, №66 мектеп-лицей директоры Н.Омарова, жетекші ұстаз Б.Нұртазина, Ә.Бөкейхан атындағы 76 мектеп-лицей директоры Б.Сейдеш бастаған білім ордаларына орталық директоры М.Еркетаев атынан «Алғыс хат» табысталып, оқушыларға Есіл аудандық филиал басшысы ­Ж.Есенаманова атынан мадақтама берілді.

Әсемай РИНАТҚЫЗЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button