Қоғам

Жылыту маусымы басталғалы бері елордада 55 өрт тіркелген

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев тұрғын үйде болып жатқан өрттердің негізгі себептерін атады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— Жыл басынан бері елордада 818 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 327-сі немесе 40 пайызы тұрғын үй секторында болған. Сонымен қатар 200-ге жуық өрт автокөлікте, 223 өрт бақылаудағы объектілерде орын алған, — деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды.

— Жылу беру маусымы басталғаннан бері тұрғын үй секторында 55 өрт тіркелді. Бұл өрттердің басты себебі — пеш жаққан кезде қауіпсіздік ережесін сақтамау, Басқаша айтсақ, пеш жарамсыз болады немесе мұржасы уақтылы тазаланбайды. Сонымен қатар электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау, сапасыз жылыту аспаптарын пайдалану, электр сымдарының ескіруі, балаларды қараусыз қалдыру және мас адамдардың абайсыз әрекеттері де өртке себеп болып жатыр, — деді Ғабит Бабаев.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button