Жыл жақсылық жасаудан басталды

Жыл басынан бастап еліміздің астанасында қайырымдылық акциясы қайта жанданды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Наурыз мерекесі қарсаңында және Алғыс айту күніне орай «YDA GROUP» көпсалалы өндірістік компаниясы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп және «Астана Жастары» еріктілерінің қатысуымен қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған және қиын материалдық жағдайда қалған 250 отбасыға азық-түлік жиынтықтары таратылды. Онда әр отбасыға салмағы 25 кг болатын жиынтық табысталады. Оның құрамына: күріш, қарақұмық, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майы, қант, шай және әртүрлі жарма түрлері бар.
«Жыл санау бойынша қазақта жаңа жыл Наурыз айынан басталады. Әрі бұл айда бұлақ көрсе көзін ашатын халқымыз барынша ізгілік жолында еңбек етуге тырысқан. Сол ізгі дәстүрді жалғап, халыққа азық- түлік таратып жатқан «YDA GROUP»көпсалалы өндірістік компаниясы мен қала әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз», дейді қала тұрғындарының бірі.



