Ел тынысы

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының финалистері анықталды

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстауға арналған конкурстың алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Онлайн дауыс беруге 50 мыңнан астам адам қатысып, волонтерлерге қолдау көрсетті. Бұл – елімізде волонтерлік қозғалысқа қоғам тарапынан қызығушылықтың артып, азаматтық бастамаларға қолдау көрсету мәдениетінің нығайып келе жатқанын көрсетеді.📌

Онлайн дауыс беру қорытындысымен 15 номинацияның әрқайсысы бойынша үздік он үміткер іріктелді. Конкурстың келесі кезеңінде финалистер Конкурс комиссиясының сараптамалық бағалауынан өтеді.

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай Астана қаласында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. Іс-шара барысында қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген үздік волонтерлер марапатталып, жеңімпаздар жарияланады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button