Құқық

Жыл басынан бері елордада 3,3 мыңнан аса вандал жазаланды

Елорда полициясы вандализм, бөтеннің мүлкін бүлдіру және ұсақ бұзақылық сияқты кез келген құқық бұзушылыққа қатысты «нөлдік төзімсіздік» қағидатын жүйелі түрде іске асырып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Полицияға Қошқарбаев көшесіндегі кофеханалардың бірінің кіреберіс есігінің бұзылғаны туралы хабарлама түсті. Жедел шаралар нәтижесінде ішімдік ішкен 45 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол құлыпты бұзып, мекемеге кірген.

Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жыл басынан бері елордада осындай 251 факт тіркелген, оның 136-сы бойынша құқық бұзушылар қамауға алынған. Бұдан бөлек, ұсақ бұзақылық бойынша 3300-ден астам жағдай анықталып, олардың 1,5 мыңнан астамында сот әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындаған.

Полиция тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтап, бөтеннің мүлкіне ұқыпты қарау қажеттігін ескертеді. Елорда полициясы қоғамдық орындарда құқықбұзушылыққа жол бермеу керектігін ескертеді және тұрғындарды заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Жыл басынан берi Астанада «Стоп, вандал» акциясы өткізіліп келеді. Оны волонтерлер, белсенділер, белгілі спортшылар мен қала тұрғындары қолдады.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

«Заң және тәртіп» нарративі аясында қалалық полиция прокуратурамен бірлесіп вандализмге қарсы белсенді жұмыс жүргізуде. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру 60 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе 30 тәулікке дейін қамаумен жазаланады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button