Шаһар шежіресі

Журналист, аудармашы – Әнуар Ипмағамбетов

Арқа өңірінде қазақ баспасөзінің қалыптасуына елеулі үлес қосып, аударма жанры арқылы қазақ әдебиетінің дамуына, ауқымының кеңеюіне үлкен ықпал жасаған КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуар Нұрғалиұлы Ипмағамбетов Тың өлкесі құрылғанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің ұйғарымы бойынша «Тың өлкесі» газеті редакторының орынбасары болып келген еді.

Ал 1966 жылдан 10 жыл, яғни зейнетке шыққанға дейін «Коммунизм нұры» газетінің бас редакторы болды.

Аударма дәстүрін теориялық жағынан толық меңгерген Ә.Ипмағамбетов Л.Толстойдың «Севастополь әңгімелерін», Н.Гогольдің «Өлі жандарын», П.Мериме туындыларын, тағы басқа көркем туындылар мен бірнеше фильмді қазақша сөйлеткен.

Ол әр жазушының творчестволық бітімін, оның стильдік ерекшелігін, тіл ұстарту шеберлігін сақтай отырып аударуды насихаттаған және өз аудармаларында осы қағиданы ұстанған. Ол қазақ халқының ұлы ағартушы, ойшылы Шоқан Уәлихановтың ана тілінде тұңғыш рет бір томдық таңдамалысын шығарды. Ә.Ипмағамбетов 1996 жылы қайтыс болғанда, ақын Нұрғожа Ораздың өлеңінен үзінді:

«Тағы да бір бәйтерек құлап түсті,

Сұлу сұңқар қайтпайтын жыраққа ұшты.

Асылдардың соңғы бір белгісі еді,

Жүрек шіркін бейнесін жылап құшты.

Тұрған бойы өнеге шынар еді,

Көрген жандар сұқбатқа құмар еді.

Шымырлатып шыңырау түптен тартып,

Білім сеуіп баптанып тұрар еді.

Ақсүйекті, тектіні танытатын,

Ілтифатты, құрметті және ұғатын.

Орыс, қазақ орайлас келе қалса,

Небір үлгі сөздерді дарытатын».

Ғазиза ИСАХАН

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button