Ел тынысыСаясат

Жұмысшы адамның мүддесі – басты назарда: Коалиция өкілдері «Тәп-тәтті» ұжымымен кездесті

Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Тәп-Тәтті» ЖШС ұжымымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесуге Астана қалалық мәслихатының депутаттары Бауыржан Смаилов, Алтыншаш Табулдина және өзге де спикерлер қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Тәп-Тәтті» ЖШС – кондитерлік өнімдер өндіру және өткізу саласында жұмыс істейтін, халыққа сапалы тәтті тағамдар ұсынумен қатар, еңбек адамының күнделікті кәсібі мен тұрақты жұмысына үлес қосып отырған кәсіпорындардың бірі. Сондықтан ұжыммен өткен ашық әңгімеде еңбек құқығы, әлеуметтік кепілдіктер, денсаулық сақтау және азаматтардың құқықтық қорғалуы мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында Конституция жобасының қоғам өміріне тікелей әсер ететін артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Спикерлер негізгі заңдағы өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, еңбек адамының мүддесін нақтырақ бекітуге, сондай-ақ әлеуметтік саланың сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасында медицина саласына қатысты ұстанымдардың маңызы зор. Бұл құжат азаматтардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін күшейтіп, денсаулық сақтау жүйесіндегі жауапкершілік пен әлеуметтік әділеттілікті нақтылай түседі. Әсіресе адам өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесінің конституциялық деңгейде айқындалуы – қоғам үшін үлкен артықшылық», – деді Астана қалалық мәслихатының депутаты Алтыншаш Табулдина.

Алтыншаш Табулдина өз сөзінде медицина саласы тек кәсіби мәселе емес, бұл әр отбасының қауіпсіздігі мен өмір сапасына тікелей әсер ететін бағыт екенін атап өтті. Оның айтуынша, Конституция жобасындағы бұл басымдықтар мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтады.

«Жаңа Конституция жобасының маңызды тұстарының бірі – еңбек адамының құқығын қорғауға басымдық берілуі. Қауіпсіз еңбек жағдайы, әлеуметтік кепілдіктер, әділ қатынас пен жұмысшы мүддесінің ескерілуі – мұның бәрі елдегі тұрақтылықтың негізі. Бұл өзгерістер қарапайым еңбек адамын қолдауға бағытталған нақты қадам деп айтуға болады», – деді Астана қалалық мәслихатының депутаты Бауыржан Смаилов.

Еңбек құқықтарының нақты әрі түсінікті бекітілуі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы жауапкершілікті күшейтіп, қоғамдағы әлеуметтік әділет қағидатын нығайтады. Конституция жобасы адам капиталына, тұрақты еңбекке және әлеуметтік қорғанысқа басымдық беретін маңызды құжат.

Кездесу соңында ұжым өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай диалог алаңдары Конституция жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіруге ғана емес, тұрғындардың ұсынысы мен пікірін ескеруге де мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button