Ел тынысы

«Жұлдызай»-дың жұлдыздары

Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жұлдызай» қысқы спортқа арналған Ұлттық инклюзивті ойындарының ашылу салтанаты өтті. Екі күнге жоспарланған ойын 10–16 жас аралығындағы 225 қатысушының басын қосты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің қысқы спорт түрлерімен айналысуға деген ынтасын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық әлеуетін дамыту және қоғам назарын инклюзия мәселелеріне аудару болатын.

— Биылда ерекше балаларға баса назар аударып отырмыз. Он жылдан бері «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары ерекше балаларға спортта тең мүмкіндік беріп келеді. Әр жылдары қатысушылар үстел теннисі, жеңіл атлетика, мини-футбол, шоудаун, сондай-ақ ұлттық ойындар — бестас, асық ату және тоғызқұмалақ бойынша сынға түсті. Қысқы маусымда жас спортшылар шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және парахоккей бойынша өз шеберліктерін көрсетеді. Сол арқылы өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезіндірсек деген ниетпен жоспарладық, -дейді шараны ұйымдастырушы «Жұлдызай» қорының директоры Гүлхан Исабаева.

«Жұлдызай»-дың жұлдыздары бүгін бақтарын сынап, сайысқа түседі. Жеңістің жалауын желбіреткендер аранйы жүлдемен марапатталады.

Астантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button